$ 494.87  520.65  4.91

СҚО мектептері мен балабақшасында да 12 адам коронавирус жұқтырған

«Мекемелерде барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр. Байланыста болған адамдар 14 күнге үй карантиніне алынды», - деді ресми өкіл.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету туралы» тақырыбында өткен онлайн брифингте СҚО мектептерінде 12 адамның індетке шалдыққанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелді. Олар 8 мектеп пен 1 балабақшада анықталған. Мекемелерде барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр. Байланыста болған адамдар 14 күнге үй карантиніне алынды», - деді ресми өкіл.

Айта кетсек, осының алдында ғана Павлодар облысында 9 оқушының коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары