$ 448.89  477.93  4.76

Құс тұмауы: Солтүстік Қазақстан облысында 18 ауыл карантинге жабылды

Күні бүгінге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы – үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған. Бүгінде өңірде құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Күні бүгінге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы – үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Олардың қырылу фактісі 40 елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр», - делінген ақпаратта.

Індет анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін 144 мың 338 құс вакцинацияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары