Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан барлығы 3 300 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 46 бала бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.