Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған. Бүгінде өңірде құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«Күні бүгінге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы – үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Олардың қырылу фактісі 40 елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр», - делінген ақпаратта.
Індет анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін 144 мың 338 құс вакцинацияланды.