Ресейлік вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альштейн күзде иммунитетті қалай күшейту керегін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы, Газета.ru-ға сілтеме жасап.
Маман бірінші кезекте індетке қарсы шараларды қатаң сақтауға шақырды. Әлеуметтік арақашықтық сақтап, қоғамдық орындарда бетперде тағудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол қолды жиі жуып, антисептик қолдану керектігін жеткізді.
"Мүмкіндік болған жағдайда, қашықтан жұмыс істеген дұрыс. Әрине, дене шынықтырып, серуендеп тұру да қажет, алайда, басқа адамдармен байланысқа түспеуге тырысқан дұрыс", – дейді профессор.
Сонымен қатар, вирусолог D дәруменін тұтыну қажеттілігіне тоқталды. Айтуынша, күзде денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтау керек. Сондай-ақ ол алкогольді ішімдіктен бас тартуға шақырды.
Маманның сөзіне қарағанда, аталған әрекеттер адамның тыныс жолдарына вирустың жұғуынан сақтайды.