$ 447.4  477.55  4.76

Қазақтар шайды көп ішпегенде ең дені сау ұлт болар еді – ресейлік дәрігер

Дәрігердің айтуынша, шай 60 градустан төмен болуы тиіс. Оның өзі ыстық, бірақ күйдірмейді. Екінші маңызды мәселе – шайдың ерекше сіңіруші қасиеті.
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Мәскеу мемлекеттік университеті клиникасының эндокринолог дәрігері Зухра Павлова Instagram парақшасында шай қатерлі ісіктің дамуына себепші болатын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Мен Қазақстанда туып-өстім. Қазақтар қара шайды да, көк шайды да кез келген себеппен іше береді, суып қалмау үшін қайта-қайта қайнатып отырады. Жалпы қазақтар дұрыс тамақтанады: олар ақуызға бай тағамдарды – қой, қозы, сиыр етін жейді. Оның үстіне олар етті қайнатады, бұл тағам пісірудің ең жақсы тәсілі. Егер бәрінің артынан шай ішуді әдетке айналдырмағанда қазақтар ең дені сау ұлт болар еді", - деп жазды ол.

Зухра Павлова өңеш қатерлі ісігі ыстық сусындарды көп қолданатын халықтардың ұлттық ауруы екенін атап өтті.

"Қарапайым тәжірибе жасап көріңіз – ішіп отырған ыстық шайыңызды қолыңызға немесе аяғыңызға шашыңыз. Дереу сезесіз ғой, солай емес пе? Тіпті кейбіреулердің денесі күйіп қалады. Енді елестетіп көріңізші, біз өз тамағымызды күніне бірнеше рет осылай күйдіреміз", - дейді ол. 

Оның айтуынша, үнемі агрессивті температура әсер еткенде шырышты қабаттар бұзылуы мүмкін.  

Ол жуырда International Journal of Cancer журналында жарияланған зерттеуді мысалға келтірді. Ғалымдар он жыл бойы Иранның солтүстік-шығысында 50 045 адамнан тұратын топты бақылаған. Осы уақыт аралығында 328 адамнан өңештің қатерлі ісігі анықталған, ал тәулігіне кемінде 700 миллилитр өте ыстық шай ішкендер арасында (60°C және одан жоғары) ауруға шалдығу көрсеткіші 90%-ке жоғары болған. ⠀  

Дәрігердің айтуынша, шай 60 градустан төмен болуы тиіс. Оның өзі ыстық, бірақ күйдірмейді. Екінші маңызды мәселе – шайдың ерекше сіңіруші қасиеті.

"Шай организмнен зиянды заттарды шығаруға көмектеседі, ал кейбір түрлері бүйрек ауруларына пайдалы. Бірақ! Егер сіз тамақтың артынан шай ішсеңіз, онда бұл емдік қасиет бізге қарсы жұмыс істейді. Шай тағамдағы құнды қоректік заттарды ағзадан шығарып тастайды – оның ішінде кальцийді, В және А дәрумендерін едәуір азайтады", - деп атап өтті Павлова.

Осыған байланысты дәрігер екі кеңес берді: шайды қолайлы температурада ішу керек және оны тамақтан бөлек, мысалы бір сағаттан кейін ішуге болады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігер #шәй