$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус бала психикасына қалай әсер етеді - дәрігер жауабы

Мысалы, егер ата-ана балаға коронавирустан адамдар өледі деп айтса немесе пандемияға бұрыс көзқараста болса, балада патологиялық қорқыныш пайда болуы мүмкін.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Дәрігер коронавирустың балалар психикасына қалай әсер ететінін айтты Балалар психиатрлары мен психологтары қауымдастығының президенті Анатолий Северный коронавирус пандемиясының балалар психикасына әсері туралы айтты.

Дәрігер балаларға әлемдегі оқиғаларға емес, олардың айналасындағы адамдардың сол жайлы пікірлеріне қатты мән беретінін  түсіндірді. Мысалы, егер ата-ана балаға коронавирустан адамдар өледі деп айтса немесе пандемияға бұрыс көзқараста болса, балада патологиялық қорқыныш пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, маман оқшаулану балаларға да әсер етуі мүмкін екенін айтады, өйткені балалық шақты айтарлықтай жұтаң етеді. Кейбір шаралар, әсіресе, спорттық немесе шығармашылық жұмыстар онлайн түрде өтүге мүмкіндік жоқ. Балалар оқшаулануды әр түрлі жолмен сезінеді. Сөйлескісі, ойнағысы кеп тұратындар үшін бұл салмақ түсіреді, басқалары, керісінше, карантинге өте қуанады.

Бұған дейін психиатр Евгений Фомин ресейліктерді депрессия мен мазасыздықтың алдын алуға арналған кез келген спорт түрімен айналысуға кеңес берді. Ол адамның бұлшық еттерін жұмыс істеткізеді, содан кейін адам өзін жақсы сезінеді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары