Ремдесивир, гидроксилхлорохин, лопинавир, ритонавир және интерферон комбинациялары коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде тиімсіз болып шықты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич айтты.
«ДДСҰ-ның терапевтік дәрілерді сынауының алғашқы нәтижелері ремдесивир, гидроксилхлорохин, лопинавир, ритонавир және интерферонның ешқандай әсері жоқ екендігін көрсетті», - деді ол.
Дереккөз: 24kz