$ 494.87  520.65  4.91

«Төрт-бес әйелге шамасы жетеді»: уролог ерлердің жыныстық қатыныста мықты болу құпиясын айтып берді (ВИДЕО)

Құйымшаққа келген зақым оның болашағына әсер етуі бек мүмкін. Себебі, урологиялық дерттер мен еркектің төсекте белсенді болмауы, бір түнге шамасы жетпеуі құйымшақтың зақымдануынан.

Елімізге танымал сынықшы әрі уролог Ерлан Төреев ер адамдардың төсектегі қабілетіне қатысты сөз қозғады. Ата-бабасынан қонған сынықшылық қасиетті әлі күнге дейін жалғастырып жүрген ол ер адамдарды денсаулығына бей-жай қарамауға шақырған. Әсіресе, құйымшақтың зақымдануы еркектердің төсектегі күшін азайтып, өмір бойы қиындық көруіне соқтыруы мүмкін екенін айтуда деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз балаларды кішкентайынан спортқа, күрес түрлеріне бергенді жақсы көреміз. Ұлымыздың күші көбейіп, өзін қорғайтындай дәрежеге жетсін деп ойлайтынымыз анық. Бірақ мұның түбіндегі салдары ауыр болатынын ұмытпаған жөн. Күреске келген балалар бір-бірімен алысып-жұлысып, көпшілігі кілемге жамбасымен құлап жатады. Ал бұл бірден құйымшаққа күш түсіреді. Құйымшаққа келген зақым оның болашағына әсер етуі бек мүмкін. Себебі, урологиялық дерттер мен еркектің төсекте белсенді болмауы, бір түнге шамасы жетпеуі құйымшақтың зақымдануынан", - дейді сынықшы.

Тағы оқи отырыңыз: Ер адам семіріп кетсе және қорылдайтын болса жыныстық қатынаста әлсіз болып қалады

Әйелді жүкті ету үшін ер адамдар қандай тамақ жеу керек? - маман жауабы

Ерлан Төреев қазақтың "жеті жасқа дейін бала жерден таяқ жейді" деген сөзін де дұрыс көрмейді.

"Ұл өсіріп отырған әрбір ата-анаға баланың болашағына мән беріңіздер дегім келеді. Себебі, құйымшақ – адам денесіндегі маңызды қызмет атқаратын мүшелердің бірі. Әсіресе, жігіттердің құйымшағы әлсіз болмағаны дұрыс. Құйымшақты күтіңіздер. Ал құйымшағы жақсы жұмыс істейтін жігіттің төсекте төрт-бес әйелге шамасы жетеді. Әрине, мен сіздерге балаңыз осынша әйел алсын деп отырғаным жоқ. Бұл жерде құйымшағына зақым келмеген еркектің әлеуетін айтып отырмын", - дейді ол.

Бүгінде Ерлан Төреев "Аламан" медициналық орталығында қызмет етуде. Оның алдына келетіндер қатарында құйымшағын зақымдағандар, сегізкөз арқылы жыныстық ауруларға ұшырағандар көп.

"Мен отыз жылдан бері адам емдеп келе жатырмын. Бұрын Шамалғандағы үйімде қабылдайтынмын. Қазір қаладан "Аламан" медициналық орталығы ашылып, науқастарды емдеп жатқан жайым бар. Маған келгендердің алдында жағы үгітіліп кеткендер де, омыртқа жарығы салдарынан орнынан тұра алмай қалғандар да болды. Шамам келгенше бәрін аяққа тұрғызып жатырмын. Сүйегі сынғандар, сүйегі шыққандар, омыртқа ауруларына ұшырағандар, тізе, құйымшағы ауыратындар мен урологиялық дерті барлар алдыма жиі келеді. Олардың ішінде еліміздің өнер жұлдыздары да бар", - дейді сынықшы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары