$ 443.85  474.3  4.8

Өткен тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны анықталды

Қазақстанда бүгінге дейін 109406 адам коронавирус жұқтырған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте қанша адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.

Министрлік дерегінше, 4 адам коронавирустық инфекциядан, ал бір адам пневмониядан көз жұмған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 593 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 995 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 80 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 109406 адам коронавирус жұқтырып, 105001 адам жазылып шыққан, өкінішке орай, 1768 адам осы дерттен көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус