22.10.2020, 11:00

Коронавирус жұқтырған 101 науқастың халі нашар

фото: liter.kz
15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Коронавирус жұқтырған 101 науқастың халі нашар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 716 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 177 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, жалпы науқастардың арасында 101 адамның халі нашар. Соның ішінде 10 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.