$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантин талабын 10 реттен артық бұзған

Бұл жолы онда 100-ге жуық адам жүрген.

Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қарашада бірқатар мекемеге карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынған. «Алания» түнгі клубы карантин талабын 10 реттен көп бұзған. Бұл жолы онда 100-ге жуық адам жүрген. Сағат 22:50-де қызметін санитарлық нормаларды сақтамай жүзеге асырған «Анкара» түнгі клубы анықталды. Мекемеде 50-ден астам адам демалып отырған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сол түні сағат 23:30-да «Сова» караоке-клубында 40 клиент әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұмытып, көңіл көтеріп, ән айтып жүрген. Мобильді топ тәулік ішінде 274 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин режимін бұзудың 25 дерегін анықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары