08.11.2020, 17:05

Осы аптада карантин талаптарын орындамаған мыңнан астам адам айыппұл арқалады

фото: 24.kz
Эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарында анықталды.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 1 329 қазақстандыққа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Карантин талаптарын бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде. 2-8 қараша аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды», - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында (237), Шығыс Қазақстан облысында (217), Алматы облысында (106) және Ақмола облысында (101) анықталды.

Еске сала кетсек, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 83 340 теңге (30 АЕК), лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.