11.11.2020, 05:47

Солтүстік Қазақстан облысында бірден 11 елді мекен карантинге жабылды

фото: stan.kz
Коронавирустық инфекцияның өсуін тоқтату, сондай-ақ халық арасындағы байланыстарды ажырату үшінсегіз аудандағы 11 елді мекенді жаптық.

Солтүстік Қазақстан облысында сегіз аудандағы 11 елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Коронавирустық инфекцияның өсу динамикасын ескере отырып, тізбекті бұзу және инфекцияның өсуін тоқтату, сондай-ақ халық арасындағы байланыстарды ажырату үшін біз сегіз аудандағы 11 елді мекенді жаптық", - деді Петропавл қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

9 қазаннан бастап екі аудан орталығы - Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев және Мамлют ауданындағы Мамлют жабылды.

11 қазаннан бастап Есіл ауданының орталығы Явленка, ал 17 қазаннан бастап Покровка және Чириковка ауылдары жабылды.

24 қазаннан бастап Уәлиханов ауданында Кішкенекөл ауылы карантинге жабылды.

6 қарашадан бастап Ақжар ауданындағы Горький ауылы және Аққайың ауданындағы Смирново ауылы,  9 қарашадан бастап Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылы, Тайынша ауданындағы Тайынша ауылы және Петропавл қаласы жабылды.

Бұған дейін Ақжар ауданының Қазан және Ленинградское, Тайынша ауданының Киров және Чермошнянка ауылдары, Шал ақын ауданының Повозочное ауылы сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты ашылды.