$ 494.87  520.65  4.91

Заттардың бетіндегі инфекцияны қалай жоюға болады?

Бөлме температурасындағы иондалған газ бұған дейін қатерлі ісік ауруларын, тіс емдеуде және жараларды емдеуде қолданылған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Химиялық заттар коронавирусты өлтіреді, бірақ олар адам үшін зиян. Калифорниялық ғалымдар заттардың бетіндегі инфекциядан қауіпсіз түрде құтылудың әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылар патогендік микроағзалармен күресудің бұрыннан белгілі технологиясын қолданған. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары инфекцияға қарсы суық атмосфералық плазманы пайдаланды. Бұл тиімді және қауіпсіз екендігі дәлелденді. Енді мамандар бұл құралға үлкен үміт артып отыр. 

Бөлме температурасындағы иондалған газ бұған дейін қатерлі ісік ауруларын, тіс емдеуде және жараларды емдеуде қолданылған. Шындығында, бұл жаңа әдіс емес. Бірақ мұндай газ ешқашан заттардың бетін залалсыздандыру үшін қолданылмаған. Бұл әдістен кейін коронавирус ешқандай материалдың бетінде тіршілік ете алмайтын болып шықты. Металл, ағаш, шыны, матаға да тәжірибе жасалды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары