14.11.2020, 16:48

Covid-19: 25 науқастың жағдайы өте ауыр

фото: pixabay.com
26 науқас өкпені жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр.

Денсаулық министрлігі 14 қарашаға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады

Бір тәулікте пневмониядан - 7, ал коронавирустан - 1 адам көз жұмды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.