19.11.2020, 05:55

ШҚО-да жаңа туған 14 сәбиден коронавирус анықталған

фото: pixabay.com
COVID-19 салдарынан жүктілікті тоқтату жағдайлары болған жоқ.

18 қарашадағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 18 жасқа дейінгі 166 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы РСК-да өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

165 бала амбулаториялық деңгейде, бір бала стационарда ем-дом алуда.

Пандемияның бүкіл кезеңінде облыста жүкті әйелдерде КВИ бойынша 180 жағдай тіркелді.

Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында коронавирус 14 жаңа туған нәрестеден анықталған. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, барлық сынама-талдау сәби шыр етіп дүние есігін ашқан кезде жасалады. ПТР-тест жаңа туылған нәрестелерден коронавирустың барын растады.

COVID-19 салдарынан жүктілікті тоқтату жағдайлары болған жоқ.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында пандемияның барлық кезеңінде 14 156 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте КВИ бойынша 230 науқас анықталды.