$ 498.34  519.72  4.85

ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясы туралы хабарлады

Ол жұқпалы, бірақ, аса қауіпті емес.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Мутация нәтижесінде пайда болып, Ұлыбританияда тараған коронавирустың SARS-CoV-2 жаңа штамы бұрынғыға қарағанда тез таралады. Бірақ, аурудың қауіптілік деңгейін өзгертпейді. Бұл туралы 24kz, Sky News дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19-ға қарсы жаһандық күрес жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Набарро осылай деді.

 «Ол өте жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес», - деді. Набарро жаңа штамға байланысты эпидемиямен күресудің тәсілдеріне өзгерістер енгізілмейтінін атап өтті. Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың тез таралатын түрі шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары