Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 18 желтоқсандағы ақпарат жариялады.
18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
242 адамның жағдайы ауыр;
35 пациенттің жағдайы өте ауыр;
40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.