$ 444.22  476.38  4.82

Англияда анықталған коронавирустың жаңа түрі қазақстандықтарға жұқты ма?

Бүгінде 5 млн-нан астам зерттеу жүргізілді. Күн сайын зертханаларда 40 мыңға дейін тест жасалады, тәулігіне 100 мыңға жуық зерттеу жүргізе аламыз.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясына қатысты. Ол азаматтарды сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл 13 қаңтардағы жағдай бойынша төсек орынның 30% (5 732 төсек) науқас бар. Реанимациялық төсектердің 20% (357 төсек) бос емес.

13 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік шекарада 859 адамнан КВИ анықталды.

Бүгінде 5 млн-нан астам зерттеу жүргізілді. Күн сайын зертханаларда 40 мыңға дейін тест жасалады, тәулігіне 100 мыңға жуық зерттеу жүргізе аламыз.

Маска тағу, дәлізде, кабинеттер арасында жүруге шектеу қою, санитайзерлерді пайдалану сияқты барлық сақтық шараларын сақтау қажет.

Сондай-ақ, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қыркүйекте Англияда анықталған коронавирустың жаңа штаммына (MERS-CoV-2 VI 2012/01) да тоқталды. Бүгінгі таңда вирустың осы типі бірнеше елде, оның ішінде Австралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да елдерде анықталды.  

“Алдын ала деректер бойынша аталған вирус жастар арасында белсенді таралуда. Бірақ індетті зерттеу жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл типі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оның елімізге тасымалдау қаупін жоққа шығаруға болмайды”, - деді Е.Қиясов.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша, елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы азаматтардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауының салдары.

“Сондықтан, қонаққа бармауға және қонаққа шақырмауға, жеке гигиена және респираторлық гигиена ережелерін сақтауға, қоғамдық орындарда қашықтықты сақтауға, медициналық маска тағуға, антисептиктер қолдануға шақырамын”, - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары