$ 458.13 € 502.29 ₽ 5.58

Димаш Құдайбергенге Перудың танымал әншісі тұмар сыйлап, ақ батасын берді

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген Лимада өтетін жеке концерті қарсаңында Перудың әйгілі әншісі, музыка өнеріне қосқан айрықша үлесі үшін арнайы Latin Grammy сыйлығымен марапатталған Ева Айльонмен (Eva Ayllón) кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жылы жүздесу барысында өнер иелері өзара пікір алмасып, Ева Айльон қазақстандық әншіге шығармашылық табыс пен алдағы концерттеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол Димашқа өзінің әндері жазылған, қолтаңбасы қойылған дискіні сыйға тартып, тұмар табыстады. Бұдан бөлек, әнші қазақ өнерпазына ақ батасын берді.

Айта кетейік, Ева Айльон Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын көп жылдан бері жоғары бағалап келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0