COVID-19 вирусынан екі миллион адам қайтыс болды. Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысы мәлімдеме жасап, вируспен күресте, әсіресе вакциналарды тарату мәселесінде ынтымақтасуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҰҰ басшысын вакциналардың айналасында пайда болған «вакуум» мазалайды. Гутерриштің айтуынша, табысы жоғары мемлекеттер вакциналарға тез қол жеткізсе, әлемдегі ең кедей елдерде керісінше орын алып отыр. Кейбір мемлекеттер астыртын келісім жасап, вакциналарды артығымен сатып алуда.
«Вакцина өндірушілер жауапкершілікті сезініп, COVAX механизмімен және бүкіл әлемдегі елдермен бірлесіп, вакциналарды қажетті мөлшерде жеткізіп, дұрыс тарату үшін жұмыс істеуі керек.Елдер вакциналардың артық мөлшерін бөлісуге міндеттеме алуы тиіс», - деді Бас хатшы.