Ғалымдар COVID-19-дан сауығып шыққандарға екпені қашан алуға болатындығын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
⠀
Індетті жұқтырып, артынан жазылып шыққан уақыты мен екпе егу арасындағы кезең шамамен екі-үш айды құрау керек екендігін Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.
⠀
Егер адам коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда екпе егуге болады.
⠀
"Адам толық сауығып шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі керек, яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалынған ПТР талдауы нәтижелері теріс болуы керек. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек", - деді Гинцбург.