$ 494.87  520.65  4.91

«Наурыз айынының соңында індетті жұқтыру деңгейі көп тіркелуі мүмкін» - Алексей Цой

Министр вакцинациялау жұмысы тиісті деңгейде жүргізілетін болса, жыл соңына дейін коронавирус жұқтыру мен індет салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші азаяды деген болжам айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанда коронавирус індеті ең көп тарайтын кез наурыз айының соңында келуі ықтимал екенін айтты.

«Наурыз айынының соңында індетті жұқтыру деңгейі көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мыңға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде карантин талаптарын күшейтуді енгізу жоспарланып отырған жоқ», - деді министр.

Министр вакцинациялау жұмысы тиісті деңгейде жүргізілетін болса, жыл соңына дейін коронавирус жұқтыру мен індет салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші азаяды деген болжам айтты.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталады. Жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа Covid-19-ға қарсы вакцина егу жоспарланып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары