23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысында ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынады, демалыс күндері қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылады.
ХҚКО, банк және «Қазпошта» бөлімшелерінің жұмысы 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарады. Олар алдын-ала жазылу бойынша (әлеуметтік қашықты, маска режимін, термометрияны сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып) жұмыс істейді .
Қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйымдар штатының 60% қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі.
Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шарары өткізілмейді. Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.