30.10.2026, 03:30

«Өмір бойы адал болғым келеді»: Төреғали Төреәлі Меккеде әйеліне ыстық сезімін білдірді

Коллаж: Sn.kz

"Алла сені аманат қылып берген".

Әнші Төреғали Төрәлі қасиетті Мекке қаласында жұбайы Толқын Тұрарбекқызына деген махаббатын білдіріп, оған өмір бойы адал болуға уәде берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Әл-Харам мешіті көрініп тұрған таудың басында тұрып, жарына деген ыстық сезімін жеткізген.

Әншінің айтуынша, ол әйеліне деген махаббатын айтудан ешқашан жалықпайды. Сондай-ақ жұбайын Алланың өзіне берген аманаты деп санайтынын атап өтті.

«Пайғамбарымыз әйеліне деген махаббатын жасырмаған. Мен де сені жақсы көретінімді айтудан ешқашан жалықпаймын. Алла сені аманат қылып берген. Енді сол аманатқа өмір бойы адал болғым келеді», – деді Төреғали Төрәлі Толқынға.