20.01.2021, 10:20

Covid-19: 61 науқастың жағдайы ауыр

фото: pixabay.com
34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да 2021 жылғы 20 қаңтардағы коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, 25 038 адам короновирус инфекциясынан (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 307 адамның жағдайы ауыр; • 61 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.