Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 16 ақпандағы ақпаратты жариялады.
16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам короновирус инфекциясынан (14 113 КВИ+ және 8 620 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
255 адамның жағдайы ауыр; 47 пациенттің жағдайы өте ауыр; 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.