23.03.2021, 09:41

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
1 тамыздан бері 664 өлім жағдайы тіркелді.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"21 наурызда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 188 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 131, 664 өлім жағдайы тіркелді, ал аурудан айыққандар саны 46 561-ге жетті.