05.04.2021, 09:40

Алматы COVID-19 жұқтырғандар бойынша көш бастап тұр

фото: tengrinews.kz
Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 921 адамнан COVID-19 анықталды.

Алматы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ДСМ-ге сілтеме жасап. 

Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырған 611 адам анықталды.  

Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (+368 жағдай)

Үшінші орында Алматы облысы (+255 науқас)

Айта кетейік, Алматы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұрғанына бірнеше күн болды: 4 сәуірде 572 жағдай, 3 сәуірде - 647, 2 сәуірде - 647, 1 сәуірде - 595, 31 наурызда - 515, 30 наурызда - 526, 29 наурызда - 545.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 921 адамнан COVID-19 анықталды.