13.04.2021, 10:40

COVID-19 бен пневмониядан 28 науқас қайтыс болды

фото: tengrinews.kz
Пневмония мен коронарустан жазылып шығып жатқандар бар болса да, қайтыс болғандар саны да азаяр емес.

Тағы 28 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 24 адам қайтыс болды. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 586 адамның жағдайы ауыр; • 175 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 112 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек 11 сәуірдегі мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 101 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 409, өлім жағдайлары - 731, барлығы 50 203 адам сауығып шықты.