$ 498.34  519.72  4.85

Коронавирус жұқтырған 716 адамның жағдайы ауыр

181 пациенттің жағдайы өте ауыр, 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 25 сәуірдегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 827 пациент стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 716 адамның жағдайы ауыр;
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 23 сәуірдегі мәлімет бойынша 86 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан, - деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 52 434, өлім жағдайлары - 771, барлығы 51 155 адам сауығып шықты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары