$ 448.56  478.03  4.79

Коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар саны 878 мыңнан асты

Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр.

25 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 878 067адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 878 067 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 157 010 адамға жетті. 

Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 176823 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген. 

Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде Атырау облысы тіркелді. Бұл облыстағы халықтың тек 15287-іне ғана вакцинаның бірінші дозасы егілген.

azattyq-ruhy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары