30.04.2021, 01:15

«Санитарлық талаптарды бұзған»: 100 мектеп директорына айыппұл салынды (ВИДЕО)

Мамандардың айтуынша, сыныптарда бөлмелер уақытында тазаланбаған, оқушылар санитайзерлер қолданбаған, тіпті бетперде тақпай жүргендері де бар.

Карантин ережелерін сақтамағаны үшін 100 мектеп директорына 18 млн теңгеге жуық айыппұл салынды деп жазды

Мониторинг топтар 575 мектептен олқылық тапқан.  Әсіресе, Қарағанды облысындағы білім ошақтарында санитарлық талаптар өрескел бұзылған. Мамандардың айтуынша, сыныптарда бөлмелер уақытында тазаланбаған, оқушылар санитайзерлер қолданбаған, тіпті бетперде тақпай жүргендері де бар.  Мектептердегі тәртіпке жауапты басшылар мен ата- аналардың салғырттығы балалар арасында коронавирустың өршуіне әкеп соқтырды.  

Айгүл ШАТЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Карантиндік шараның негізгі бұзылушылықтарына байланыссыз термометрия арқылы таңғы сүзгі жұмыстарының жүргізілмеуі, маска режимінің бұзылуы, ылғалды үй- жайларын кварцтау, ауыз су режимі талаптарының бұзылғаны анықталды. Офлайн режимде оқыған ауырып қалған оқушылардың 49,9 пайызы 1 ден бастап 5- інші сынып оқушыларын құрап отыр. 

Қарағанды қаласында сауықтыру орындары мен дәмханалар да карантин талаптарына бағынар емес. Мобильдік топ кеше бір күнде 5,6 тойдың үстінен түскен.  Мамандардың айтуынша, рестораторлар қонақтарды артқы есіктен   жасырын кіргізуді әдетке айналдырған.