$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде қайтадан төтенше жағдай енгізілетіні рас па?

Елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews порталы.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізу қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес бұл ережені Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, негізгі шарт бойынша елде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқанда ТЖ режимі енгізіледі.

"Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне үлкен жүктеме түскен кезде қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданады", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары