$ 494.87  520.65  4.91

Пневмония мен коронавирустан 39 адам қайтыс болды

2021 жылғы 3 мамырдағы мәлімет бойынша 29 жаңа жағдай тіркелген, 5 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шықты.
фото:© Reuters
фото:© Reuters

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус пен пневмония туралы кейінгі бір тәуліктегі ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

5 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 15 015 науқас стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 784 адамның жағдайы ауыр,
• 196 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 117 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

2021 жылғы 3 мамырдағы мәлімет бойынша 29 жаңа жағдай тіркелген, 5 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері тіркелген: науқастар саны – 53 122, өлім жағдайы - 817. Барлығы 51 935 адам сауығып шыққан.

Айта кетейік, 4 мамырда Қазақстанда 2 298 адамнан коронавирус анықталған. 3 мамырда 2 086 жағдай болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары