Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындықпен сәйкес келмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) «COVID-19-дың жалпы өлім-жітімін бағалау» атты жарияланған зерттеуіндегі ақпаратқа қатысты айқындық енгізді.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1 846 адамды құрады.
«Осылайша, пандемия басталғалы бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болды. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) көрсеткіштерінің дұрыс еместігі айқындалды», - делінген ДСМ хабарламасында.
Оқи отырыңыз: «Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған» - АҚШ зерттеу институты
Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға қарағанда 162 613 адамды құрады. Осылайша, артық өлім-жітім 29 124 адамға жетті, бұл институттың мәлімделген көрсеткіштерін де жоққа шығарады.
Анықтама: КВИ – 4 729 адам немесе 16,2%-ды қоспағанда, адамдар басқа да өлімнен қайтыс болып жатты:
- қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау» денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.