Денсаулық 20.05.2021 сағат 02:42

Еліміздегі коронавирусты қайта жұқтырғандардың саны белгілі болды

Комитет төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда әлемде COVID-19-ды екінші рет жұқтыру жағдайлары аз емес.
Еліміздегі коронавирусты қайта жұқтырғандардың саны белгілі болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирусты екінші рет жұқтырғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейінгі брифингтерде ақпараттық базаларда коронавирусты қайта жұқтырған 802 адамның тіркелгені туралы айтылған. Ал клиникалық хаттама бойынша вирусты екінші рет жұқтыру жағдайлары жан-жақты тексеріледі. Сондай-ақ, аурудың интервалы, созылмалы белгілері және тағы басқасы ескеріледі. Өңірлерде әрбір жағдай консилиумда қаралады.

"Міне, осы жұмыстың нәтижесі бойынша бүгінде аймақтарда 589 адамның коронавирусты қайта жұқтырғаны расталды", – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша COVID-19-ды екінші рет жұқтыру жағдайлары аз емес. Ал кейбір зерттеулерге сәйкес, вирусты екінші рет жұқтыратындардың басым бөлігі – 65 жастан асқандар.

Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты

Айта кетейік, Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирустың жұқтыру жағдайлары да бар. Ресми мәлімет бойынша бірінші компонентінен кейін 541 адам, ал екінші дозадан кейін 104 адам инфекцияға шалдыққан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар