$ 494.87  520.65  4.91

«Вакцина жеткілікті, ниет білдірушілер аз» - Әлия Рүстемова

Ол әлі де болса індетпен күресте вакциналаудаға балама табылмағанын айтты.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Елордада мамыр айының соңына қарайы вакциналау қарқыны сәуірмен алыстырғанда төмендеген. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, өткен тәулікте астанада 2,5 мың қала тұрғыны екпенің бірінші компонентін алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцина жеткілікті, қазір халық енжар. Егер сәуір айы мен мамырдың басында тұрғындар тәулігіне 6-7 мыңға жуық вакцина алса, қазіргі көрсеткіш әлдеқайда аз. Өткен тәулікте 2,5 мың адам бірінші компонентпен егілді», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Ол әлі де болса індетпен күресте вакциналаудаға балама табылмағанын айтты.

«Көріп отырсыздар, тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл республика бойынша төмендеу байқалып отыр. Ниет білдірушілер азайып келеді. Бірақ біз адамдар вакциналауға балама жоқ екенін түсінеді деп ойлаймыз. Егер коронавирус инфекциясын тоқтатқымыз келсе, вакцина алуымыз керек», - деді Әлия Рүстемова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары