Денсаулық 25.05.2021 сағат 11:40

Цой коронавирусқа байланысты үш түрлі болжам жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін таныстырды, деп жазады baq.kz.
Цой коронавирусқа байланысты үш түрлі болжам жасады
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін таныстырды, деп жазады baq.kz.

Сонымен, пессимистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 60 пайызды құраған кезде 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны 95 мың адамды құрайды. Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді, - деді Цой.

Ал оптимистік сценарий бойынша, вакцинация тиімділігі кем дегенде 95 пайызды болса, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны шамамен 61 мың адамды құрайды деп отыр.

Министр сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты вакцинациямен қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың вакцинациямен қамтуды ұлғайту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп санаймын, - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар