$ 494.87  520.65  4.91

Вакцина салған жерге магнит жабысатыны рас па: Министрлік жауап берді (ВИДЕО)

Министрлік өкілі аңдамай сөйлегендер жазасын алатынына сендірді. Елді алдап-арбап жүргендерді құқық қорғау органдары іздеп жатыр.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

«Ектірген екпең чипке айналады» деп көпті адастырған ер адамның басы дауға қалуы мүмкін. Эпидемиологтар »вакцина салған жерге магнит жабысады» деп елді дүрліктірген адамды жауапқа тартуды сұрады деп хабарлайды КТК арнасы. 

Вакцина салған жерге магнит жабысатынын айтып, жұртты дүрліктірген қай өңірдің азаматы екені белгісіз. Ол «вакцинадан кейін иығымда чип пайда болды» деп, оған магнит жабыстырып дәлелдемек болады. Айтуынша, магнитті екпенің орнына жақындатса жабысып, басқа бөлігіне апарса түсіп қалады екен.

Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ал эпидемиологтар ер адамның бұл әрекетін сынға алды. Мамандардың сөзінше, бар болғаны бес миллиграмдық сұйықтықты темірге айналады деу – ақымақтық. Сондықтан елді адастырып көптің күдігін күшейтетін осындай адамды тауып, жауапқа тарту қажет екендігін алға тартып отыр. 

«Мұндай адамдарды зиянкес деуге болады. Халқына зиянын тигізіп жатыр. Бұл мәселемен құзырлы орындар айналысуы тиіс. Оны жай қалдыруға болмайды, тауып, жазалау қажет», - дейді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы Гүлфайра Мырзабекова. 

Бұл ақпаратқа қатысты министрлік өкілдері де түсініктеме берді, деп хабарлады «Астана» арнасы.

«Шындыққа сәйкес келмейді. Көптеген адамдардың денесінде магниттік құрамдар бар. Кейбір адамдарға, білесіз ғой, қасық жабысады. Укол салатын жерге жабысып қалды дегені бойынша, ешқандай вакцинаның ішінде чип жоқ. Вакцинаның инесі өте үшкір оған ешқандай чип салынбайды. Сондай-ақ вакцина құтыда болады», - дейді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. 

Министрлік өкілі, аңдамай сөйлегендер жазасын алатынына сендірді. Елді алдап-арбап жүргендерді құқық қорғау органдары іздеп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары