06.06.2021, 09:34

Коронавирус: 573 науқас ауыр жағдайда жатыр

77 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Коронавирус жұқтырған 25 мыңға жуық қазақстандық емін жалғастырып жатыр, 573 науқастың жағдайы ауыр, 130 науқас өте ауыр жағдайда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 709 адам коронавирус инфекциясынан (–23 814 КВИ+ және 895 КВИ-) емделіп жатыр:

8 653 пациент стационарда, 16 056 науқас амбулаториялық деңгейде. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

573 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, 77 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.