Hayat-Vax және CoronaVac коронавирусқа қарсы вакциналардың жетіспеушілігіне қатысты Денсаулық сақтау министірлігінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары Қазақстанға шектеулі мөлшерде жеткізілген.
"Басынан бастап бүкіл партия екіге бөлінеді, оның жартысын біз бірінші компонентке, ал қалған бөлігін екінші бөлікке қалдырамыз. Қазіргі уақытта Hayat-Vax вакцинасының алғашқы компонентінің шамамен 13 мың дозасы қалды. Қазақстанда 486 мыңнан астам адам онымен егілді. Сондықтан екінші компоненттің дозалары медициналық мекемелердің қоймаларында сақталады", - деді Шоранов.
Айтуынша, Hayat-Vax және CoronaVac бірінші компонентін алған азаматтар екінші дозаны сол мекемелерде ала алады.
Қазақстан бойынша осы екі вакцинамен 486 мыңға жуық адам егілгендіктен, олардың саны шектеулі.
"Вакциналар бір реттік келісімшарт бойынша жеткізілді. Келіссөздер жүргізілуде. Ары қарай қалай болатыны зауыттың өндірістік қуатына, келісімшарттарға байланысты. Біз нақты уақытын анықтауға тырысып жатырмыз", - дейді Шоранов.