$ 494.87  520.65  4.91

«20-39 жастағы азаматтар көп тіркеліп жатыр»: Жандарбек Бекшин вирус жұқтырушылар туралы пікір білдірді

Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, каранин талаптарының бұзылуы.

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада ауруды қай жастағылар көп жұқтырып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінде 20-39 жас аралғындағы азаматтар алаңдатып отыр.

«Бізді алаңдатып отырған бір контингент бар - 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында науқастар көп тіркеліп жатыр. Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, каранин талаптарының бұзылуы. 20-39 жас аралығындағы жастар аурулар санының 39 пайызын алып отыр. Бұл бүгінде ең көп көрсеткіш. 40-59 жас аралығындағылар - аурудың 25 пайызын алып отыр. Яғни әрбір төртінші науқас осы контингенттен шығады», - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол карантин талаптары күшейтіліп жатқанын тілге тиек етті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары