Алматыда КВИ ауруының таралуы жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты деп жазды NEGE.
«Қазір қалада QazVac та,Hayat-Vax та жоқ, тек Спутник V екпесінің дозасы ғана жеткілікті. Бұл ДДСҰ мақұлдамаса да, Спутник V пен QazVac екпесін алмауға болмайды деген сөз емес. Бүгінде Сыртқы істер министрлігі мен ДДСҰ арасында келіссөз жүріп жатыр. Егер мақұлдаса, бұл екпені басқа елдерге шыққанда қабылдауы мүмкін» деді Нариман Табынбаев.