12.07.2021, 20:58

«Қазір қалада QazVac та, Hayat-Vax та жоқ» - Нариман Табынбаев

Фото: ғаламтордан
Бұл ДДСҰ мақұлдамаса да, Спутник V пен QazVac екпесін алмауға болмайды деген сөз емес.

 Алматыда КВИ ауруының таралуы жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты деп жазды NEGE.

«Қазір қалада QazVac та,Hayat-Vax та жоқ, тек Спутник V екпесінің дозасы ғана жеткілікті. Бұл ДДСҰ мақұлдамаса да, Спутник V пен QazVac екпесін алмауға болмайды деген сөз емес. Бүгінде Сыртқы істер министрлігі мен ДДСҰ арасында келіссөз жүріп жатыр. Егер мақұлдаса, бұл екпені басқа елдерге шыққанда қабылдауы мүмкін» деді Нариман Табынбаев.