$ 443.85  474.3  4.8

«Міндетті вакцинация мерзімін қайта қарастырамыз» - министрлік

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті.

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды.

Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:

- коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау стратегиясын әзірлеу;
- осы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакцинация жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
- "Pfizer" компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
- осы жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакцинациялауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
- ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакцинациялаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
- осы жылдың 19 шілдесіне дейін "Ashyq" сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
- эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қолданыста болатын Медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту.
- жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтар мен оқушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады:

- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
- жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылсын.

Демалыс және мереке күндері:

- қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- «Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың қызметіне тыйым салынсын.

Жұмыс күндері қызметтері:

- 20-00 сағатқа дейін "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
- ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
- «Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындар- сағат 18-00-ге дейін шектелсін.

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын күшейту, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары