Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин журналситермен болатын сенбідегі онлайн-брифингке маскасыз шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Брифингтің басында Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус ауруының өсуі байқалатынын айтты. Бас санитарлық дәрігер тұрғындарға карантин мен маска режимін сақтау туралы тағы бір рет ескертті. "Біз маска режимін сақтау туралы айтып отырмыз. Мен бүгін аудиторияда жалғызбын. Алдыңғы күндері біз үш-төрт адам болдық. Түсінікті сөйлеу үшін мен бүгін маска кимеймін", - деп түсіндірді Бекшин. Айта кетейік, бұған дейін бас санитарлық дәрігер брифингтерде маска киетін.