Денсаулық 29.07.2021 сағат 10:40

«Үшінші дозаны салу тамызда басталуы мүмкін» - БАҚ

Мұндай мәліметті өндірушілер коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алған 18-55 жастағы адамдардың мәліметіне сәйкес шығарған.
«Үшінші дозаны салу тамызда басталуы мүмкін» - БАҚ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Pfizer америкалық компаниясы тамыздан бастап вакцинаның үшінші дозасын салдыруға рұқсат алмақ, - деп хабарлайды Reuters. 

Фармкомпания өкілдері биыл тамыздан бастап үшінші дозаны шұғыл түрде қолдануға өтінім жазатындарын атап өтті. Осыған байланысты Pfizer Inc. COVID-19 вакцинасын сату болжамын 29 пайызға - 33,5 миллиард долларға арттырды.
Pfizer жариялаған жаңа есепке сәйкес вакцинаның үшінші дозасы адам ағзасындағы антидене санын көбейтеді. 

Мұндай мәліметті өндірушілер коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алған 18-55 жастағы адамдардың мәліметіне сәйкес шығарған. Алты айдан кейін вакцинаның үшінші дозасын салғаннан кейін антидене 5 есе өскен. 

Одан бөлек, өндірушілердің айтуынша, Pfizer/BioNTech вакцинасның үшінші дозасын салдырған 65-85 аралығындағы адамдар "дельта" штамына қарсы антидене 11 есе ұлғайған.  

Pfizer компаниясының өкілдері үшінші дозадан кейін "дельта" штамын бейтараптандыру 100 есе болуы мүмкін екенін айтады. Алайда бұл мәлімет рецензияланбаған және ғылыми басылымдарда жарияланбаған, сондықтан әзірге бұл өндірушілердің өздері жасаған мәлімдеме.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар