2021 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
⠀
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
Айта кетейік, өткен тәулікте Түркістан облысында 144 адам коронавирус жұқтырған. 106 адам айығып шыққан.